RU
Маңғыстауда кен орнындағы өртті бір тәулік бойы өшіре алмай жатыр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда кен орнындағы өртті бір тәулік бойы өшіре алмай жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының "Қаламқас" кен орнында 25 наурыз күні таңғы жеьтілде басталған өртті сөндіру әлі мүмкін болмай жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Маңғыстаудағы кен орнындағы өрт бір тәуліктен бері өшірілмей жатыр (видео)

Фото: Видеодан скриншот

"Қазіргі кезде өртті сөндіруге Маңғыстау облыстық ТЖД, «Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС және «Файр протекшн ЛТД» ЖШС-нің 53 қызметкері және 12 техникасы жұмылдырылған. Бірнеше рет лафеттік ұңғылардың көмегімен өртті ауыздықтауға әрекет жасалды. Бірақ өрттің ошағына тікелей кіретін жолдар болмағандықтан, жалынды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай отыр", - деп хабарлады "Қазмұнайгаз" АҚ ҰЛ баспасөз қызметі.

Айта кететін жайт, өрт 25 наурыз күні таңғы жеті шамасында басталған. «Қаламқас» мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінен шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылаған.

Өрт аумағы 900 шаршы метрді құраған.

Осыдан бұрын 13 наурызда Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай болған еді.

Аталған факті бойынша Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы батыс өңіраралық басқармасы мен Маңғыстау облыстық экология департаменті «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ-ға қатысты тексеру тағайындаған.  

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel