Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда сауда үйін жарамын деп елді шулатқан азамат ұсталды

Опубликовано:

Қарағанды қаласының "Таир" сауда үйінде ішімдікке сылқия тойған ер адам ғимаратты жарамын деп қоқан-лоққы көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда сауда үйін жарамын деп қоқан-лоққы көрсеткен ер адам құрықталды
Көрнекі фото: news-front.info: Facebook

Оқиға 25 наурыз күні болған.

Белгісіз ер адам сауда орнына келіп, күзетшілерге ғимаратты жаратынын хабарлаған.

Орталықтың қызметкерлері полиция шақырып, жарылыс болу қаупі болғандықтан, оқиға орнына құтқару қызметкерлері жеткен.

Сауда орталығынан 500-ге жуық адам эвакуацияланды.

Оқиға орнына жеткен арнайы қызметкерлер 31 және 39 жастағы ер азаматтарды тұтқындаған. Олардың ішімдік ішкені анықталды.

Ғимаратты жарамын деп шу шығарған жас жігіт болып шықты. Тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке заттарын тексеріп, жарылғыш заттар таппаған.

Мас "әзілқойларға" қатысты әкімшілік іс қозғалды. 31 жастағы азамат 438 баптың бірінші тармағы "Арнаулы қызметтердi жалған шақыру" бойынша заң алдында жауап береді.

Ал 39 жастағы ер 440 баптың үшінші тармағы "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік жазаға тартылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785124-karagandyda-sauda-jin-zaramyn-dep-eldi-sulatkan-azamat-staldy/

pixel