Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50 жастағы қайын ағасына ғашық болып қалған әйел жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Бүгінде екі ұлы бар 30 жастағы келіншек өз қайын ағасына ғашық болып қалғанын айтты. Жұбайының жақсы екенін алға тартқан ол қалайша бұл сезімге ерік бергенін түсіне алар емес деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: gurutest.ru
Көрнекі фото: gurutest.ru: Facebook

Іштей күйіп-жанып жүрген әйел өзін қоярға жер таппай, әуре-сарсаңға түсіпті.

"Өз қайын ағама ғашық болып қалдым. Қалай екенін білмеймін. Қайын ағам жас та болса мейлі екен, жасы елуге таяп қалған кісі.

Жолдасым вахтада жұмыс істейді. Айына бір келіп кетеді. Бізді асыраймын деп күндіз-түні жұмыста жүр. Ал мен болсам, ғашықпын деп өз-өзімді қоярға жай таппай жүрмін.

Осы сырымды айтпасам, жанып кететін секілдімін. Бәріміз пендеміз, қателіксіз, кемшіліксіз адам болмайды ғой.

Сол секілді, мен де бір күнәге жақын тұрмын. Қайын ағамды көрсем, жүзіме күлкі үйіріліп, не істеп, не қойғанымды білмей қаламын. Әкемдей адам ғой, неге ғашық болғанымды түсіне алар емеспін",- дейді ол.

Ғашықтықтан қиналған келіншек көптен ақыл сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785125-50-zastagy-kajyn-agasyna-gasyk-bolyp-kalgan-jel-zan-syryn-aktardy/

pixel