RU
Елорда атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту үшін қанша қаржы кетеді?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елорда атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту үшін қанша қаржы кетеді?

Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов елорданың атын өзгерту процесіне неше қаржы кететінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

"Жақында елордамыздың атын Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгерту туралы заңға қол қойылды. Осыған байланысты республикалық немесе жергілікті бюджеттен қосымша ақша қарастырылмайды", - деді Смайылов.

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан орталық мемлекеттік органдардың ғимаратындағы маңдайша жазуды ауыстыру жыл сайынғы қаржыландыру аясында жүзеге асады.

Мемлекеттік мекемелер электронды құжат айналымына ауысқандықтан, әртүрлі бланктерді алмастыру талап етілмейді.

"Елордамыздағы жергілікті атқарушы органдарының бланктерін, индекстерін және нысандарын өндіру - жергілікті бюджеттің есебінен, өткен жылдың және ағымдағы кезеңнің қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің орындалу барысын ескере отырып жүргізіледі.

Мен кеше қала әкімімен сөйлестім. Ол жергілікті бюджетте жалпы құны 40 миллон теңге қаланың ескірген белгілері мен маңдайшаларын ауыстыру үшін қарастырылғанын айтты.

Яғни, бұл ағымдағы шығындар болып табылады. Соның аясында осы белгілер мен маңдайшаларды біртіндеп өзгертуді жоспарлап отырмыз. Олар қаланың кіре берісінде орналасқан басты орындардан басталады, содан кейін біртіндеп басқа да қажетті жерлерге ауыстырады.

Қосымша қаражат бөлу жоспарда жоқ. Бәрі ағымдағы бюджет аясында жүзеге асырылады", - деді Смайылов.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel