RU
Автобус апатынан аман қалған астаналық жігіт оқиғаны баяндап берді

Автобус апатынан аман қалған астаналық жігіт оқиғаны баяндап берді

Рассказать Вконтакте

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында үш бірдей автобустың соғысуы салдарынан болған апаттан аман қалған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

"Қазір ғана жол апатынан ғажайыптың күшімен аман қалдым. Мына автобуста келе жатқанмын. Мұнда келіншекті жаншып кетті, жүргізуші де болған. Ол да аман қалмаған шығар", -дейді жігіт.

Оған қоса, елордалық азамат әлі де есін жия алмағанын, жол апатында басын ұрып алғанын айтады.

Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты бүгін, 26 наурыз күні Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында орын алды.

Белгілі болғандай, оқиға салдарынан екі адам қаза тапқан.

Қайғылы жағдай орын алған жерге қала әкімі Бақыт Сұлтанов келді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel