RU
Димаштың Мәскеудегі концерті алдында костюмдері жоғалып кеткен
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаштың Мәскеудегі концерті алдында костюмдері жоғалып кеткен

Рассказать Вконтакте

Қазақтың атын әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген Мәскеудегі жеке ән кешіне екі күн қалғанда сахналық костюмдерін жоғалтып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әртістің анасы Светлана Айтбаева Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Кремль сарайындағы жеке концерті алдында Димаштың костюмдері жоғалып, біраз уайымға салыныпты.

Айтбаева киімдер көп ұзамай табылғанын жеткізді.

"Басы қатты болса, аяғы тәтті болады" деген осы екен", - деді Димаштың анасы.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген 22-23 наурыз күндері Мәскеу қаласындағы Кремль сарайында жеке ән кешін берді.

Ол концерт кезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған "Елім менің" әнін шырқады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel