RU
Нұр-Сұлтан әкімдігі автобус апатында қайтыс болғандар туралы ақпарат берді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Нұр-Сұлтан әкімдігі автобус апатында қайтыс болғандар туралы ақпарат берді

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева үш автобустың қатысуымен болған жол апатында қайтыс болғандарға қатысты ақпарат берді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда ұш автобустың соқтығысуы: әкімшілікте қайтыс болғандар туралы айтты

Фото: NUR.KZ

Тағы оқыңыздар:

Нұр-Сұлтандағы автобус апатында зардап шеккен 27 адам ауруханаға түсті>>

Автобус апатынан аман қалған астаналық жігіт оқиғаны баяндап берді>>>

Нұр-Сұлтандағы үш бірдей автобус апаты: Қала әкімі оқиға орнына келді>>>

«Соңғы мәліметтер бойынша, 27 адам зардап шекті. Апат салдарынан екі адам көз жұмды, яғни 66 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы автобус жолаушысы. 25 адам көпбейінді № 2 ауруханаға жеткізілді. Соның арасында төртеуінің жағдайы ауыр. 3 адамға операция жасалуда, тағы үшеуі қарқынды терапия бөлімінде», - деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

№1 қалалық ауруханаға зардап шеккен бір адам (фельдшер) жеткізіліп, нейрохирургия бөліміне жатқызылған.

Жалпы, оқиға орнына жедел жәрдемнің 22 бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, бүгін 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала мен Қабанбай көшелерінің қиылысында үш автобус соқтығысып, екі адам қаза болған болатын.

Жол-көлік апаты болған сәт сыртқы бақылау камераларына түсіп қалған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel