Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мереке күні "қыдырамыз" деп жоғалған екі бала табылды

Опубликовано:

Шымкентте үйінен шығып кетіп, адасып қалған екі баланы тәртіп сақшылары тауып алды. Наурыз мерекесі қарсаңында 13 жастағы жасөспірім ұл бала 5 жасар інісін ертіп үйлерінен үлкендерден сұранбай шығып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте із-түссіз жоғалған жасөспірімдер табылды
Фото: Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі: UGC

Олар жаяулатып сейілдеп жүргенде қала сыртына шығып, адасып кеткендерін аңғармай да қалған көрінеді.

Мерекелік шара өткізілетін қаладағы Наурыз алаңы мен Бәйдібек би ескерткішіне барғандарын балалар полицейлерге әңгімелеп берген.

Екі бірдей ұлынан көз жазып қалған ата-ана балаларды әбден іздеп, жыларман болған.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасында балаларымен табысқан анасы риза болғаны сондай, полиция қызметкерін құшақтап алыпты.

"Ата-анасы шұғыл қимылдап, балаларды тауып, табыстаған полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды", - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785150-symkentte-mereke-kni-kydyramyz-dep-zogalgan-eki-bala-tabyldy/

pixel