RU
Бүркіттің туыстары әншінің 82 жастағы әкесіне қымбат көлік сыйлады (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бүркіттің туыстары әншінің 82 жастағы әкесіне қымбат көлік сыйлады (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Бүркіттің 82 жасқа толған әкесіне жақындары қымбат көлік мінгізді. Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкемізге жиен ағаларымыздан сыйлық. Папа ұзақ жасаңыз! Осы қара тұлпар астыңызда тозсын! Игілігіңізге мініңіз! Ғұмырың ұзақ болсын! Асқар таудай әкелеріміз аман болсын", - деп жазды әнші.

Сексеннің сеңгіріне шыққан Бекжігіт қарияның туған-туыстары мен балаларының ортасында бақытқа бөленген шағына жұрт жарыса пікір білдірген.

"Керемет", "Бізге де жұғысты болсын", "Әкеңіз бақытты адам ғой", "Көлігі астында тозсын", "Атамыздың ғұмыры ұзақ болсын", "Тіл-көзден аман болыңыздар".

"Жарайсыздар", "Бүркіт, сіз де осы жасқа жетіңіз", "Бақытты болыңыздар", "Адам ұрпағымен мың жасайды деген осы ғой", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, сыйлыққа берілген көліктің құны 23 млн мен 35 млн теңге аралығында.

Естеріңізге сала кетейік, Бүркіттің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel