RU
Назарбаев Алматы жастарымен селфи жасады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев Алматы жастарымен селфи жасады (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік астанаға ұшып келді. Алматы жастары Елбасын ұшақ баспалдағынан гүлмен қарсы алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жастар Назарбаевқа тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін алғыс айтты.

Елбасын күтіп алуға Алматы халықаралық әуежайына әр университеттен 2000-ға жуық студент келді.

Ұшақ баспалдағынан түскен Назарбаев жас алматылықтарға жылы қарсы алғаны үшін алғысын айтты.

"Мен ешқайда кеткен жоқпын. Барлық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыра беріңдер. Егер сөздеріңде тұрмасаңдар, қайтадан келіп, әрқайсыңнан сұрайтын боламын", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына ұшып келді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel