RU
Куәгер Нұр-Сұлтандағы жол апатының алғашқы минуттары жайлы баяндады

Куәгер Нұр-Сұлтандағы жол апатының алғашқы минуттары жайлы баяндады

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда болған жантүршігер жол апатының куәгері бар жылдамдығымен алдыңғы автобусқа соғылған көлікке бірінші болып кіргендердің қатарында болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Тамырын ұстап, жүрек соғысын сезбедім": Нұр-Сұлтандағы жол апатының куәгері алғашқы минуттар жайлы

Фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтандағы автобус апатында зардап шеккен 27 адам ауруханаға түсті>>

Автобус апатынан аман қалған астаналық жігіт оқиғаны баяндап берді>>>

Нұр-Сұлтандағы үш бірдей автобус апаты: Қала әкімі оқиға орнына келді>>>

Оқиғаға куә болған азамат Facebook парақшасында әлі өз-өзіне келе алмай отырғанын жазған.

"Қандай сұмдық! Қаншама жарақат алғандар мен өлі денелер. Қолдарым әлі қалтырап, олардан қан иісі шығып тұр. Қабанбай батыр көшесінде автобус бар жылдамдығымен екіншісіне соғылды. Адамдар, жылдамдықты асырмаңдар", - деп жазды Айдын Түребаев.

Кейін ер адам NewTimes.kz агенттігіне сұқбат беріп, соғылған автобустардың жанына 20 секундтан кейін келіп тоқтағанын, апатқа ұшыраған көлікке көмекке жүгіргенін мәлімдеді.

Айдын автобусқа басқа куәгерлермен бірге бірінші болып кіргенін жеткізді.

"Адамдар бірінің үстінде бірі жатты. Барлық жерде қан. Кейбіреулер ес-түссіз жатты. Оларды автобустан шығара бастадық", - деді куәгер журналистерге.

Ер адамның сөзінше, кейбіреулер зардап шеккендерге көмектесу үшін автобустың екінші жақ терезесін сындыруға тырысқан.

Мұндай соқтығысудан кейін қаза болғандар бар екені анықталған сәтті есіне алды.

"Бір әйелден басқа бәрін алып шықтық. Оның аяғы қысылып қалған, сондықтан оны шығара алмадық. Салонның ортасында отырған қыз қайтыс болып кетіпті. Оның тамыр соғысын сезбедім.
Автобустан солярка ағып жатты. Ол өртене бастай ма деп қорықтық. Жүргізуші орнынан түк қалмаған. Оны таба алмадым", - деді Айдын Түребаев.

Еске сала кетейік, бүгін 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала мен Қабанбай көшелерінің қиылысында үш автобус соқтығысып, екі адам қаза тауып, тағы 27 тұрғын ауруханаға түскен еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel