RU

Әзірбайжанда ірі сауда орталығы өртке оранды (видео)

Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында орналасқан "Диглас" сауда орталығы өртке оранды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: report.az
Фото: report.az: Depositphotos

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.

RT ақпараты бойынша, сауда орталығындағы өртті сөндіруге тікұшақтар да келген.

Қызыл жалынның аумағы ұлғайып, көрші ғимараттарға да залалын тигізіп жатыр.

Әзірбайжанның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, мамандар сауда орталығына жақын орналасқан тұрғын үйде шарпыған өртті ауыздықтап үлгеріпті.

Газдан уланған екі адамды ауруханаға жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785204-zirbajzanda-iri-sauda-ortalygy-rtke-orandy-video.html