Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы ірі жол апатынан қайтыс болған жолаушы жалғыз басты ана болған

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда қаласында үш автобус, жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік қатысқан жол апатынан қайтыс болған тұрғынның 1992 жылы дүниеге келген жалғыз басты ана екендігі анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Depositphotos

Автобус апатынан аман қалған астаналық жігіт оқиғаны баяндап берді>>>

Нұр-Сұлтандағы үш бірдей автобус апаты: Қала әкімі оқиға орнына келді>>>

Нұр-Сұлтан әкімдігі автобус апатында қайтыс болғандар туралы ақпарат берді>>>

Қаза болған жолаушының аты-жөні - Айзат Нұрекенова. Ол Қарағанды облысының тумасы екені хабарланды. Тұрғын кәмелетке толмаған баласы жалғыз өсі асырап келген.

Астана LRT, қаза болған жүргізушісі Абай Оспановтың үлкен отбасы болғанын, артында төрт баласы қалғанын жеткізді.

Автопарк өкілдері жол апатынан қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсететінін және жолаушы қыздың денесін Қарағанды облысына жеткізуді қамтамасыз ететінін хабарлады.

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, бүгін 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала мен Қабанбай көшелерінің қиылысында үш автобус соқтығысып, екі адам қаза тауып, тағы 27 тұрғын ауруханаға түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785234-nr-sltandagy-iri-zol-apatynan-kajtys-bolgan-zolausy-zalgyz-basty-ana-bolgan/

pixel