RU
Гауxар Әлімбекованың қорғаушылары әншіні ақтап алуды талап етті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гауxар Әлімбекованың қорғаушылары әншіні ақтап алуды талап етті

Рассказать Вконтакте

Алматыда өтіп жатқан Гауxар Әлімбекованың ісіне қатысты сот отырысында әншінің қорғаушылары оны толықтай ақтап алуды талап етті деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гауxар Әлімбекова. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, KAZ.NUR.KZ. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Гауxар Әлімбекова. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, KAZ.NUR.KZ. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айыпталушы тараптың қорғаушылары прокурор сұраған үш жылға бас бостандығын шектеу үкімімен келіспейтіндерін айтты.

Олар сот алқасынан Гауxар Әлімбекованы кінәсіз деп тауып, ақтап алуды талап еткен.

Оған қоса, әншінің адвокаттары даулы үйге қатысы бар түрік компаниясының әрекетін де ескеру керектігін сұрады.

Айта кетейік, "алаяқтық" бабы бойынша айыпталған Гауһар Әлімбековаға қатысты сот отырысы бүгін Алматыда өтіп жатыр.

Сот отырысында прокурор әншінің бас бостандығын үш жылға шектеуді сұрады.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
5
4
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel