RU
Сот алдына келген Гауxар Әлімбекова өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сот алдына келген Гауxар Әлімбекова өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты

Рассказать Вконтакте

Алаяқтық үшін айыпталып жатқан Гауxар Әлімбекова сот алдына келді. Әнші өзіне қатысты қозғалған іс бойынша жауап берді деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гауһар Әлімбекова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Гауһар Әлімбекова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Басы дауға қалған әнші Алматы қалалық сотында өзіне тағылған айыппен мүлде келіспейтінін жеткізді. Гауxар Әлімбекова өзінің кінәлі емес екенін алға тартты

"Мен ол ақшаны шынымен алсам, құдайға шүкір концерт жасап, тойларда ән салып-ақ қайтаратын едім. Бірақ менің кінәм жоқ. Осы іс басталғалы шығармашылығым да тоқтап қалды. Үш жылдан бері әділдік болып қалар деп келдім. Басында бір түрлі болып жүрдім, кейіннен жағдай қиындап кетті.
Достарыңыздан, заңгерлерден сұрайсың. Бір тірлік болады бір жылға созылады. Бірі одан да көп. Арыма, адалдығыма сеніп, бір әділдік болады деп келдім. Сондықтан сіздерден сұрайтыным, өтінетінім: әділдігінен шешіп берсеңіз. Әділетті шешім қабылдайтындарыңызға сенемін. Кінәм мүлде жоқ", - деді Гауxар Әлімбекова.

Айта кетейік, "алаяқтық" бабы бойынша айыпталған Гауһар Әлімбековаға қатысты сот отырысы бүгін Алматыда өтіп жатыр.

Сот отырысында прокурор әншінің бас бостандығын үш жылға шектеуді сұрады.

Сонымен қатар Гауxар Әлімбекованың қорғаушылары әншіні ақтап алуды талап етті.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
1
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel