RU
ЭКСПО аумағындағы үйлердің сатылымға қашан шығатыны белгілі болды

ЭКСПО аумағындағы үйлердің сатылымға қашан шығатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда ЭКСПО аумағындағы үйлердің сатылымға қай күні шығатынын белгілі болады. Су жаңа тұрғын-үй кешеніне өтінім қабылдау мерзімі 30 наурызға белгіленіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

"Бәйтерек девелопмент" АҚ баспасөз қызметі жариялаған хабарламаға сәйкес, жаңа тұрғын-үй кешеніне өтінімді қабылдау мерзімі 30-наурыз күні, сағат 15:00-де басталады.

"ЭКСПО аумағында орналасқан пәтерлерді сатып алу бойынша өтініштерді қабылдау науқаны алдағы демалыс күні сағат 15:00-де басталады. ЭКСПО аумағындағы 1300 пәтерге өтінімді қабылдау онлайн режимде жүзеге асырылады", - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Айта кетерлігі, бұған дейін тұрғындардан өтінімді қабылдау күні уақытша кейінге шегерілген еді. Бұған себеп, онлайн өтінімдерді қабылдайтын сайттың істен шығуы болған-ды.

Жаңа ипотекалық бағларлама бойынша пәтерлерді 3 пайыздық мөлшермен, 12 жылға ипотекаға рәсімдеуге болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel