RU

Шымкентте жұбайымен ұрысып қалған әйел өзін өлтірмек болған

Шымкентте күйеуімен жанжалдасып қалған әйел сірке суын ішіп, өзіне қол салмақ болған. Отбасылық жанжалдан соң уланған келіншек қаладағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұбайымен ұрысып қалған шымкентітк әйел өзін өлтірмек болды
Көрнекі фото: Спутник Қазақстан: UGC

Ауыр халде жеткізілген науқас орталықтың жансақтау бөлімінде сегіз күн бойында ес-түссіз жатыпты. Бүгін ғана беті бері қараған әйелді дәрігерлер жалпы бөлімге ауыстырды.

Ақ халаттылардың мұқият бақылауында болған науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық деп бағамдалуда.

"Әйелдің ішкі ағзасын күйік шалған. Күйіктің деңгейі де ауыр. Бұдан кейін де тыңғылықты, ұзақ ем қажет", -дейді дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785289-symkentte-zbajymen-rysyp-kalgan-jel-zin-ltirmek-bolgan.html