RU
Жаркентте 300 млн теңгені ұрлап кеткен екі қарақшы қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Жаркентте 300 млн теңгені ұрлап кеткен екі қарақшы қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Полиция Алматы облысы Жаркент қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасап, 300 миллион теңгені қолды қылған екі жігітті қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ІІМ ақпаратына сілтеме жасап.

Жаркентте 300 млн теңгені ұрлап кеткен екі қарақшы қолға түсті

Көрнекі фото: i.obozrevatel.com

Қылмысқа қатысқан қарақшыларды анықтау жұмыстарына өңірдің барлық полиция күштері жұмылдырылған еді.

Нәтижесінде қылмыс жасауға күдікті деген Жаркент қаласының екі тұрғыны анықталды. Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйінен табылған.

Қарақшылар ақшаны алдын ала дайындалған арнайы  құпия жерге жасырған.

«Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары ІІМ-нің бақылауына алынған. Почта бөлімшесінен 24 ақпан күні 300 миллион теңге ұрланған», - деп мәлімдеді ІІМ-нің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel