RU

Жаңа бастығын ойынан шығара алмай жүрген келіншек жұрттан көмек сұрап отыр

Нұр-Сұлтандық келіншек astana_forum_2017 іnstagram тобында бала-шағасы бола тұра бастығын ойлайтынын айтып, оқырмандардан көмек сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бастығына деген сезімін жасыра алмаған келіншек жан сырын ақтарды
Фото: lifegeek.ru: UGC

Екі баланың анасы декретті демалыстан кейін жұмыс орынына қайта келген. Алайда, ол жоқ кезде бөлімшеге жаңа бастық келге. Әйел адамның айтуынша, бастығы үнемі онымен тілдесуге бейім тұрады екен.

"Ол жаныма жақындап, әлденені сұраса ішім алай-дүлей болады. Киген көйлегімді, шашымды ұнатып, қошемет сөздерін жаудырады", - дейді келіншек.

Екі баланың анасы күйеуін жақсы көретінін және ара-қатынасы жақсы екенін, оған опасыздық жасайтын ойы жоқ екенін де кесіп айтты. Алайда ол бастығын ойлауды доғара алмай жүргенін жасырмады.

"Жұмысым өзіме ұнайды. Жалақысы да жақсы. Баламды балабақшаға апарып-әкелетін уақытым да ыңғайлы. Сол үшін орнымнан айырылғым келмейді. Не істерімді білмеймін", - дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785322-zaa-bastygyn-ojynan-sygara-almaj-zrgen-kelinsek-zrttan-kmek-srap-otyr.html