RU
Димаш үшін Мәскеуге барған Азамат Сатыбалды әншіні шетелдіктерден қызғанып қалған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш үшін Мәскеуге барған Азамат Сатыбалды әншіні шетелдіктерден қызғанып қалған

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің Мәскеу төрінде өткізген концертін бірқатар отандық өнер иелері барып тамашалаған. Олардың арасында Азамат Сатыбалды да бар. Танымал актер ғажайып даусымен әлемді таңғалдырған әншінің талантына тәнті болғанымен, концерт кезінде бір жайттың көңілінен шықпағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаштың концертінен ерекше әсер алған танымал актер әнші мен оның шығармашылығына қатысты пікірімен Instagram желісінде бөлісті.

Азамат Сатыбалды Димаштың концертіне жиылған дүйім жұрттың арасында қазақтардың аз болғанын айтады. Оның сөзінше, дарынды қазақ баласының кешіне келгендердің бсым көпшілігі қытайлар мен шетелдіктер екен.

"Димаштың Мәскеу қаласындағы, Кремль концерт залындағы екі күнгі аншлагпен өткен концертін тамашаладым. Концерт барысында сан түрлі әсер алдым. Ең бастысы мақтандым, ортасында қуаныштан көзіме жаста келді жасыратыны жоқ. Жамбыл жәкем намаз оқыған Кремльде, сан жылдан кейін Димашымыздың концерт беруі мақтаныш екені сөзсіз.
Көрерменнің көбісі қытайлықтар және шетелдіктер болды. Солар Димаши деп айқаға басқанда шыны керек қызғандым. Атып тұрып ол біздің Димашымыз деп айтқым келді. Сонда байқадым Димаш елдің емес, әлемнің Димашы болыпты. Оларда бізден қызғанып отырған болар.
Бір әттеген-айы шетелдік жанкүйерлер қазақтардан көп болды. Батырларымызды барынша бағалау керек екенін естен шығармайық. Қазақта Құдайға шүкір таланттар жетерлік, бірақ Димаш Құдайбергенов жалғыз. Өйткені Димаш ол -құбылыс. Оны солай қабылдау керек.
Ең бастысы тіл-көзден сақтасын. Менің байқағаным бұл тек басы ғана. Құдай қаласа Димашымыз талай биікті бағындырары сөзсіз. Қазақтың атын әлемге танытар ұл-қыздарымыз көп болсын" , - дейді актер.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
107
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel