RU
Нұржан Керменбаев Астанадағы бес қыздың қазасынан соң той жасаудан бас тартқан
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Нұржан Керменбаев Астанадағы бес қыздың қазасынан соң той жасаудан бас тартқан

Рассказать Вконтакте

Нұржан Керменбаев Астанадағы бес қыздың өлімінен соң туған күнін тойлаудан бас тартқан. Өзінің 30 жасы мен ұлының 1 жасын дүркіретіп атап өтпек болған әнші халықтың қаһарынан қорыққан деп хабарлайды "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші неліктен екінші ұлының тұсаукесеріне той жасамағанын көпшілікке түсіндірді.

"Биыл мен 30-ға келдім. Екінші ұлым Омар бір жасқа толды. Соған бір дүбірлі той жасаймыз ба" дегенде, Малайзияда жүрдім. Келген бойда видео-шақыртуға кірісемін деп отырдым. Қонақтардың 300-ден астам тізімі болды. Оның көбі өнер адамдары. Ағайындарға кейін тағы бір той жасамақ болдым. Сол кезде елімізде қайғылы оқиға орын алды.
Бес бала тірідей өртеніп кеткеннен кейін, мен барлық пікірлерді оқыдым. Жұрт қайғырып жатқан кезде, ел ашулы уақытта той жасасам, кінәлі болатынымды сездім. Содан кейін бұл ісімнің орынсыз болатынын біліп, тоқтаттым", - деп ағынан жарылды әнші.

Осы оқиғадан кейін әнші екінші ұлының тұсаукесеріне шағын той жасағанын айтты.

"Қазақстанның құрметі азаматы" болдым. Соның барлығын үлкен той жасаймын деп ниеттеніп жүргенмін ғой. Өзімнің 30 жасымды тойламасам да, ұлымның тұсаукесерін кішігірім қылып өткіздім", - дейді Нұржан Керменбаев.
Сіздің реакцияңыз
2
3
2
0
3
67
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel