RU
Британдық ұшақ өз бағытын шатастырып, басқа қалаға қонған
BBC Русская Служба

Британдық ұшақ өз бағытын шатастырып, басқа қалаға қонған

Рассказать Вконтакте

Дүйсенбі күні Лондоннан Дюссельдорф қаласына ұшу керек болған British Airways әуекомпаниясының ұшағы қателесіп Эдинбургке қонған деп хабарлайды BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дюссельдорфтың орнына Эдинбург

Фото: 1atu.ru

Жолаушылар бұл туралы тек ұшақ орнына қонып, радиобайланыс арқылы "Эдинбургке қош келдіңіздер!" деп хабарланғаннан кейін білген.

Соңынан анықталғандай, ұшқышқа қате ұшу жоспары берілгендіктен осындай түсініспеушілік орын алsgns.

Аталған рейсті British Airways-пен лизингтік келісім бойынша жұмыс істеген WDL Aviation неміс әуекомпаниясы орындаған болып шықты.

Жолаушы Софи Куктың айтуынша, ұшқыш Эдинбург қаласы бағытында ұшатын ұшаққа отыру басталғанын хабарлағанда бұл сөздердің барлығы қалжың деп қабылдаған.

Оған қоса Софи ұшақтың Эдинбург әуежайында 2,5 сағат тұрғанын айтты. Осы уақыт аралығында олар сусыз отыруға мәжбүр болған.

Баспасөз қызметінің мәлімдесінше, қазіргі таңда мәселе шешіліп, жолаушылар Дюссельдорф қаласына жеткізілді.

"Біз жолаушыларды ыңғайсыз жағдайда қалдырғанымыз үшін кешірім сұрадық. Алдағы уақытты әрқайсысымен жеке хабарласып, сөйлесетін боламыз", - делінген әуетасымалдаушының хатында.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel