RU
Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Зардап шеккен науқастың аяғына ампутация жасалды
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Зардап шеккен науқастың аяғына ампутация жасалды

Рассказать Вконтакте

Елорда басшысы Бақыт Сұлтанов пен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов автобустар соқтығысуынан зардап шеккендердің жағдайын біліп қайтты деп хабарлайды әкімдік сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов мен Елжан Біртанов. Фото: astana.gov.kz

Бақыт Сұлтанов мен Елжан Біртанов. Фото: astana.gov.kz

Шенеуніктер №2 көпсалалы қалалық ауруханаға барды.

Медициналық мекеме басшысы Иван Ли стационарлық емді апат кезінде әртүрлі жарақат алған 13 науқас қабылдап жатқанын жеткізді.

Олардың сегізі травматология бөлімінде жатыр, жағдайлары орташа ауыр деп бағалануда. Екі науқас торакальді хирургия бөлімінде жатыр. Тағы үші науқастың жағлайы әлі де ауыр - олар жансақтау бөлімінде.

Бас дәрігердің сөзінше, кеше дәрігерлер бірнеше күрделі ота жасаған. Бір науқас әйелдің аяғына ампутация жасауға тура келген.

Дәрігер кейбір науқастарға ұзақ мерзімді ем қажет болса, кейбірі 7-10 күн ішінде үйлеріне қайтарылатындарын жеткізді.

Еске сала кетейік, 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала мен Қабанбай көшелерінің қиылысында үш автобус, жедел жәрдем мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы 27 тұрғын ауруханаға түскен еді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel