RU
Жігер Ауыпбаев көмекке мұқтаж жандарға тегін ота жасатып бермекші
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жігер Ауыпбаев көмекке мұқтаж жандарға тегін ота жасатып бермекші

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын туған інісінің көзіне Түркияда ота жасатып келген Жігер Ауыпбаев енді қайырымдылықпен айналыспақ. Әнші қаражат тапшылығынан қажетті отаға қолы жетпей отырған екі адамға көмек көрсететінін ашып айтты деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

4000 долларға жуық қаражат кететін мұндай отаны қарапайым адамның қалтасы көтере бермейді. Сондықтан әнші енді жылына екі адамның қаржысын көтеріп, отаға жіберіп тұрмақшы.

"Өзім жылына енді екі адамды ота жасатуға жіберетіндей мүмкіншілігім бар. Алла қаласа, жіберіп тұрамын. Жол қаражатын өзім көтеремін. Былайынша айтқанда, сауап ретінде, садақа ретінде", - деп ағынан жарылды Жігер Ауыпбаев.

Айта кетейік, биылғы жылдың ақпанында әнші бір көзі көрмей қалған туған інісі Алмастың көзіне Туркияда ота жасатты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel