RU
Елордада екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Елордада екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда екі жүк көлігі соқтығысып, бір жүргізуші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада екі жүк көлігі соқтығысты

Көрнекі фото: belta.by

«27 наурыз күні «HOWO» маркалы жүк көлігі Абылай хан даңғылымен келе жатып, қарсы бағыттағы жүк көлігімен соқтығысты. Көлік апаты салдарынан «HOWO» автомашинасының 51 жастағы жүргізушісі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді», - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан «HOWO» жүк көлігінің кабинасы бірнеше метр жерге ұшып кеткен.

Қазіргі кезде аталған көлік апаты бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel