RU
БАҚ: Конор Макгрегор қыз зорлады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар Спорт

БАҚ: Конор Макгрегор қыз зорлады деген күдікке ілінді

Рассказать Вконтакте

Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор қыз зорлады деген күдікпен тергеуге алынды деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: nsn.fm

Фото: nsn.fm

Әлемдегі ең бай спортшылардың бірін өткен жылдың желтоқсан айында белгісіз ару (тұлғасы айтылмайды) айыптаған.

Оның сөзінше, оқиға Дублин шетінде орналасқан Beacon қонақүйінде болған. Макгрегор бұл қонақүйге әрдайым келіп, пентхаустарды жалға алған екен. Спортшының Beacon-ға соңғы рет келуі өткен жылдың желтоқсан айымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ирландияның құқық қорғау органдары қылмыстық тергеу хаттамасының тәртібіне сәйкес, қаңтар айында аралас жекпе-жек шеберін тергеуге шақырып, артынша қамаудан босатқан.

Қазіргі уақытта 30 жастағы спортшыға қатысты айыптаулар дәлелденген жоқ. Ал тергеудің жалғасуы Конорды кінәлі деп тануға негіз бола алмайды.

Аталған жаңалық ирландиялық БАҚ-та өткен жылдың желтоқсан айында тараған. Дегенмен, жаңалық беттерінде Макгрегордың аты-жөні көрсетілмеген. Ал спортшының есімін қосқан БАҚ өкілдері жала жабу мен Ирландияның сот процесі ережесін сақтамағаны үшін айыпталады.

Ирландия полициясы мен Макгрегордың қорғаушысы аталған жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Айта кетейік, күні кеше ирландиядық спортшы өз спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel