RU
Көлігімен елдің көзінше мақтанбақ болған тараздық жігіт ұятқа қалды (видео)

Көлігімен елдің көзінше мақтанбақ болған тараздық жігіт ұятқа қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Наурыз" мерекесінде "Қазақ хандығының 550 жылдығы" монументі алдында BMW жүргізушісі көлікті шыр көбелек айналдырып, трюк жасаған. Жол жабынына зиянын тигізген тараздық азамат өзін тоқтатпақ болған полицейлерден қашып құтылуға тырысқан деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:zr.ru

Фото:zr.ru

"Биыл 22 наурызда "Қазақ хандығының 550 жылдығы" монументі жанында BMW-530 жүргізушісі көлікті шыр көбелек айналдырып, трюк жасап, жол жабынына зиян келтірді", - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ал жүргізушіні тәртіп сақшылары тоқтатпақ болғанда ол құлақ аспай, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан.

Полицейлер тәртіп бұзушының соңынан қууға мәжбүр болыпты.

Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша хаттама толтырылды.

Сіздің реакцияңыз
7
1
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel