Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде 18 метр биіктен секірген ер адам ғажайыптың күшімен аман қалды

Опубликовано:

Өскеменде көпірден өзенге секірген ер адамды өтіп бара жатқан адамдар құтқарып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскеменде көпірден секірген ер ғажайыптың күшімен аман қалды
Көрнекі сурет: b-g.by: Facebook

Құтқаршылардың арасында ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің "Қазавиақұтқару" өкілі де болған.

"Көпірден өтіп бара жатып, әрекеті күдікті ер адамды көзім шалды. Ол сырт киімін шешіп, көпірдің қанатынан асып өтті де, төмен қарай секіріп кетті. Мен бірден өзеннің жағасына бардым. Сол кезде тағы бір машина тоқтап, одан түскендер де көмекке асықты. Мен қолма-қол "112" бірыңғай диспетчерлік қызметіне қоңырау шалдым", - дейді Александр Кузовников.

Абырой болғанда, 18 метр биіктен секірген ер адам аман қалды. Оны өзеннің ағысы жағаға шығарған. Ал көмекке асыққан куәгер оны судан шығарып алды.

Ер адамның үсті-басы су болған. Жедел қызмет өкілдері жеткенше тұрғындар оны жылы киіндірген.

Ер адам мас болғаны анықталды. Сырт белгілеріне қарағанда, оған ешқандай зақым келмеген. Оған тыныштандыратын дәрі беріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785381-skemende-18-metr-biikten-sekirgen-er-adam-gazajypty-ksimen-aman-kaldy/

pixel