RU
Тоқаев әкімдерге жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев әкімдерге жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді тапсырды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Құрманғали Берік Уәлиұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Фото: aikyn.kz

Фото: aikyn.kz

Ақордадағы кеңес барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді.

Соның ішінде президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді.

Сонымен қатар, Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ кеңес барысында президент мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекеттік органдар тарапынан коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Президент өңір әкімдерінің халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тиіс екенін де айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel