RU
Қазақстанға қайта келген Аршавинге шапан кигізіп, домбыра ұстатты (фото)
Жаңалықтар Спорт

Қазақстанға қайта келген Аршавинге шапан кигізіп, домбыра ұстатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мен Ресей құрамаларының ойынын тамашалауға арнайы келген Андрей Аршавинді қазақстандықтар асқан құрметпен күтіп алды. Футболдағы мансабын алматылық "Қайратта" аяқтаған ойыншыны үстіне шапан кигізіп, қолына домбыра ұстатып жылы қарсы алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Андрей Аршавин Қазақстанда өзінің сыйлы қонақ екенін Instagram желісінде мақтанып көрсеткен.

Футболшы ұлттық киім және қасиетті аспаппен түскен суретін парақшасына жүктеп, өз оқырмандарымен бөліскен.

"Тағы да Қазақстанға келіп қалдым" , - деп жан ол.

Сонымен қатар, аяқдопшы бұған дейін өзімен бір клубта өнер көрсеткен бұрынғы әріптестерімен де кездесіп үлгеріпті.

Ол Бауыржан Исламхан, Елдос Ахметов және тағы басқа ойыншылармен түскен суретін де желіде жарияған.

Айта кетейік, футболшы мансабын аяқтаған Аршавин бүгінде мәскеулік "Зенит" клубының жасөспірімдер командасын жаттықтырып жүр.

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel