RU
Купальникпен суретке түскен мектеп мұғалімін жұмыстан шығарып жіберген
Жаңалықтар Әлемде

Купальникпен суретке түскен мектеп мұғалімін жұмыстан шығарып жіберген

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Барнаул қаласында тұратын 38 жастағы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Татьяна Кувшинникованы әлеуметтік желіде купальникпен түскен суретін жүктегені үшін жұмысынан шығарып жіберді. Бұл туралы tvzvezda.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Татьяна Кувшинникова, ВКонтакте

Фото: Татьяна Кувшинникова, ВКонтакте

Суреттің "Ақ аюлар" деп аталатын қысқы универсиаданы қолдау мақсатында өткізілген науқан кезінде түсірілгені анықталған.

Онда Кувшинникова спорттық купальник киіп, мақтау қағазын ұстап тұр. 

Барнауылдағы № 13 мектепте жұмыс істеген мұғалімнің осы суреті желіде тарағаннан кейін мектеп директоры қысым көрсете бастаған.

Оқу орны басшысы мұғалімнің өз еркімен жұмысынан кетуін талап етіпті.

Кувшинникованың ата-анасы қызына қолдау көрсеткенімен, оқытушы мектептегі жұмысынан кетіп қалған.

Белгілі тележүргізуші Ксения Собчак мұғалімді жақтап әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Оның айтуынша, оқытушының купальникпен суретке түсуі, ұстаздың кәсібилігіне әсер етпейді.

"Киім мұғалімнің құзіреттілігіне әсер ететін бе еді?", - деді Собчак.

Сіздің реакцияңыз
5
4
3
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel