RU
Әйелдердің не себепті жұбайының көзіне шөп салатынын білесіз бе?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әйелдердің не себепті жұбайының көзіне шөп салатынын білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Ерлі-зайыптылардың өмірінде жыныстық қатынастың орасан зор рөл атқарары анық. Бір-бірін жан дүниесімен құлай сүйген ғашықтардың тән арқылы жақындасудан ләззат алары да белгілі дүние. Ал жанұялық ғұмырдан рахаттанып жүрген уақытта әйеліңіздің көзге шөп салуы мүмкін деп ойлайсыз ба? Оған не себеп болуы мүмкін? Бұл сұраққа "Сырласу" сайты жауап береді.

Көрнекі фото: psihologminsk.by

Көрнекі фото: psihologminsk.by

Жыныстық қатынаста қанағаттанбау

Әйелдің некеде жыныстық қатынастан басқасының бәріне көңілі толады. Бұл уақыт өте келе, өзара ынтызарлықтың төмендеуінен немесе күйеуінің еркектік қауқарына байланысты мәселе болуы мүмкін.

Эмоциялық шөліркеу

Әйелдің жүрегі әрқашанда махаббатты, көңіл бөлгенді, шынайы сезімді, албырттықты қалап тұрады. Сондықтан көп әйелдер тұрмыс құрғаннан кейін, саусағында неке жүзігі тұрса да, біреуге ғашық бола алады. Әсіресе, күйеуі жұмысынан келе салып, теледидардың алдына жайғаса кететін әйелдердің сезімі жұтайды. Әйел затына махаббаттан артық ештеңе жоқ.

Кек қайтару

Әйелдер еркектің көзге шөп салуын өте ауыр қабылдайды. Қатты жақсы көрсе, шын жүректен кешіргісі келеді. Бірақ өкінішсіз, айқай-шусыз үнемі кешіре беру оған қиынға соғып, ақырында кек алғысы келеді. Сөйтіп жүріс жасау арқылы өкпе-ренішіне ем тапқандай болады. "Кек алдым" деп ойлап, бұрынғыдай жаны ауырмай, өзін-өзі бағалау қабілетін қайтарып алады. Ал, күйеуіне деген сезімі де бұрынғыдай болмайды.

Жоғары сексуалдық

Бұл қасиет ерлерде жиі кездеседі, бірақ әйелдерге де тән болып келеді. Өмірде айына бір рет қана жыныстық қатынасқа түсетін күйеулер бар. Ал әйелдер оны аптасына бірнеше рет қажетсінеді.

Мүмкіндікті жіберіп алудан қорқу

Бұл "XXI ғасыр дерті" – "олжадан құр қалу синдромы" деп аталады. Яғни, "басқаларға қолжетімді, ал маған жоқ" деп ойлап, қандай да бір маңызды және қызықты дүниелерді жіберіп алудан қорқу. Бұл жағдай күйеуі өміріндегі бірінші ер адамы болған әйелдерде кездесуі мүмкін. Оның кейбірі бір еркекпен жүре берсе, өмірі өтіп, шынайы құмарлық пен сүйіспеншілікті сезіну мүмкіндігінен айырылып қалудан қорқады.

Өз-өзіне деген көзқарас

Әйелдерде жыл сайын өзінің тартымдылығына деген сенім төмендейді. Кейбір әйелдер ашыналыққа өзінің көз тартарлық екеніне сену үшін барады. Тек оның бәрі жыныстық қатынасқа ұласпайды. Бірақ ондайлар да аз емес.

Сіздің реакцияңыз
33
11
5
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel