RU
Мемлекет басшысы: Астана атауының өзгеруі - тарихи оқиға
Жаңалықтар Саясат және экономика

Мемлекет басшысы: Астана атауының өзгеруі - тарихи оқиға

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда мен көше атауларын өзгерту жөнінде қабылданған шешімдерді тарихи оқиғаға теңеді. Мемлекет басшысы бұл жағдай тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы - Елбасының ерен еңбегін көрсететінін алға тартты. Бұл туралы президент қала мен облыс әкімдері және үкімет мүшелерімен өткізген жиын барысында айтты деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Осыған орай, елорда әкіміне елорда атауын өзгертуге қызығушылық танытқан барлық қызметтер мен органдар жұмысын қадағалау тапсырылған.

Оған қоса, үкіметке электронды және туристік визаларға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер енгізу бұйырылды.

Президент ішкі істер министрлігі, сыртқы істер министрлігі мен ҰҚК қызметіне елорда атауының өзгеруіне байланысты бұған дейін берілген құжаттардың мерзімі аяқталғанша қандай да бір бюрократиялық кедергі келтірмеу керектігін айтып өтті.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel