Кинг-Конг пен Барби қосындысы: Қытайлық арудың денесі көпті таңғалдырды
Опубликовано:
Қытайлық студент Чень Лудің жүзі қуыршаққа ұқсағанымен бұлшықетті денесі ер азаматтардың қызғанышын тудырады. Желі қолданушылары оны "Кинг-Конг Барби" деп атап кеткен. 21 жастағы бойжеткен 120 келі салмақты көтере алады деп жазады Факты сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Чень күнделікті тікелей эфирде екі жаттығу өткізіп, танымалдылыққа ие болған. Оның жүздеген мың көрермені бар.
Лудың сөзінше, ол бұрын ұяң болып, тек қыз балаларға тән үлгіде киініп, қызғылт түсті ұнатқан. Сыныптасы оны бодибилдерлер сайысын тамашалауға шақырып, сол күннен бастап өмірі түбегейлі өзгерген.
"Сайысқа қатысқан әйелдерді өте сұлу деп есептедім. Олар сұлулықтың басқа түрін көрсетті. Бұл маған қатты әсер етті", - деді Чень Лу.
Сөйтіп бойжеткен спорт колледжіне оқуға түскен. Қазір ол бодибилдердердің сайысына өзі қатысып жүр. Өткен жылы Ұлттық чемпионатқа қатысып, төртінші орын алған.
"Әдетте қытайлықтар әйлдер әдемі болуы үшін нәзік болулары керек деп есептейді. Бұрынғы кездегі Мулан сияқты істемеуіміз керек деп кім айтты?", - деді Лу.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1785484-king-kong-pen-barbi-kosyndysy-kytajlyk-arudy-denesi-kpti-tagaldyrdy/