RU
"Дәрігерлер үшін емтихан": Нұр-Сұлтандағы жол апатында жедел жәрдем қалай жұмыс істеді?

"Дәрігерлер үшін емтихан": Нұр-Сұлтандағы жол апатында жедел жәрдем қалай жұмыс істеді?

Рассказать Вконтакте

Қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Тимур Муратов Нұр-Сұлтандағы үш бірдей автобус апатқа ұшырағаннан кейін дәрігерлердің қалай жұмыс істегені туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Мұратов 2019 жылдың 26 наурызы елордалық дәрігерлер үшін өте қиын күн болғанын атап өтті.

"Кеше қиын күн болды, қаланың шұғыл медициналық қызметкерлері күрделі емтихан тапсырды", - деді ол.

Мұратов жантүршігерлік көлік апаты туралы хабарлама 09:19-да "103" нөміріне түскенін алға тартты.

Оның сөзінше, GPS жүйесі апат орнына ең жақын автокөлікті анықтаған, бірақ станция бұл жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшырағанын білмепті.

"Осы уақытта жарақат алған біздің медицина қызметкеріміз рацияға байланысқа шығып, "Біз осындамыз, қазір алдымен өзімізге көмек көрсетіп алғаннан кейін, адамдарға көмектесеміз" деп айтты", - деді бас дәрігер.

Ол ауыр жарақат алған 22 адамды №2 қалалық ауруханасына жарты сағатта жатқызғанын айта кетті.

Муратов жедел жәрдем қызметінің жылдам жұмыс істегеніне ерекше тоқталды.

Бас дәрігер Нұр-Сұлтанның әкімдігі елордалық жедел жәрдем қызметкерлерін оқытуға үлкен қаражат бөліп отырғанын атап өтті. Мұратовтың айтуынша, Израильден тәжірбие алып келген медицина мамандары кешегі көлік апатында жарақат алғандарды құтқару кезінде жақсы жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, бүгін 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала мен Қабанбай көшелерінің қиылысында үш автобус соқтығысып, екі адам қаза тауып, тағы 27 тұрғын ауруханаға түскен еді.

Қайғылы жағдай орын алған жерге қала әкімі Бақыт Сұлтанов келді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel