RU
"Боевиктерден" шаршадым: Ақтөбелік кәсіпкер полицейлердің былығын әшкере етті
Жаңалықтар Қоғам

"Боевиктерден" шаршадым: Ақтөбелік кәсіпкер полицейлердің былығын әшкере етті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының бас полицейінен ауыл тұрғыны көмек сұрады. Кәсіпкер ауылдағы жылқы ұрлығына тәртіп сақшыларын кінәлап отыр. Оның айтуынша, ауылда үйір-үйір жылқысынан айрылғандар арыз жазудан да қалған екен. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

лллллл

Қамидолла Жүсіпов. Фото: Облыстық ІІД баспасөз қызметі

Әйтеке би ауданы Қайрақты селолық округына қарасты «Құлагер» шаруашылығының құрылтайшысы облыстың бас полицейінен үйір-үйірімен ұрланып жатқан малға қатысты қылмыстың не себепті ашылмайтынын сұрады.

"2018 жылы ауылда 21 бас жылқы жоғалған болатын. Оның 18-і менің жылқыларым. Қазіргі таңда сол істің тергеуі жөнді жүріп жатқан жоқ.

Тергеуге өзім араласып, ұрыны тауып та бердім. Ембі қаласының Құмжарған селосының қасында менің жылқыларымды сатқан. Өзім біреуін тірілей алып келдім. Екеуін сойып тастаған.

Біреулер менің малымды садақаға сойып тастаған. Сатқан адам Ембі қаласы полиция бөлімінің адамдары екен. «УАЗ» көлігімен менің жылқыларымды тасып, сойып, арзанға сатып қызығын көріп жүрген.

Қарғаның көзін қарға шұқи ма? Қай қазақ өзінің баласын ұры деп айтады? Сол секілді сіздердің құрылымдарыңыз осының керін киіп отыр.

Қайыңды деген жерде полицейдің жылқышысы жүр. Ала жаздай арқасына қос ауыз мылтық асып, мотоциклмен жатпайды. Талдық ауылынан жылына 70-80 бас жылқы жоғалып отыр.

Қазір адамдар мал ұрлығына қатысты арыз жазудан қалды. Арыз жазса қайта-қайта ауданға шақырып, соңында өзін кінәлап шығарады. Ауылда үйір-үйір жылқысын жоғалтып жатқандар бар", - дейді кәсіпкер Қамидолла Жүсіпов.

Азаматтың айтуынша, 40 үйлі ауылда 2017 жылы 70 бас, 2018 жылы 70 бас мал жоғалған.

"Енді біз не істеуіміз керек? Ішкі істер министрлігінің «боевиктерімен» қалай соғысамыз? Ауылдағы тергеушілер түк бітіріп жүрген жоқ.

Мен өзім оларды машинамен апарып, жылқымды ұрлаған адамды көрсетіп, қораларынан өзімнің жылқымды тауып бердім. Жылқыма басылған таңбаны көрсеттім.

Тұрғындар кімнің қалай сойғанын, жылқыда қандай белгі болғанына дейін айтып берді. Ал тергеушілер барса айнып қалды дейді. Бұрын адамдар сотта айнитын еді, қазір тергеуде айнитын болған.

Әлде қылмысты ашуға департаменттің қызығушылығы жоқ па? Полиция адамдары жылқы ұрлығын әдейі анықтамай отырған шығар.

Департамент басшысы ретінде осыны анықтауыңызды сұраймын. Болмаса біз Ұлттық қауіпсіздік комитетінен ауылды қорғауға әскери күш сұрайтын боламыз", - деді кәсіпкер.
ккккккк

Фото: Облыстық ІІД баспасөз қызметі

Облыстық ІІД-нің басшысы бұл сұрақты жеке бақылауына алып, анықтауға уәде берді. Сонымен бірге, бірнеше қызметкерін тұрғызып, жедел тергеу тобын құруды тапсырды.

«Сіздің сұрағыңызды мен жеке бақылауыма аламын. Тергеу басқармасының басшысы, қылмыстық полиция басқармасының басшысы, өзіндік қауіпсіздік қызметі, сіздер осы жайға қатысты тергеу тобын құрып, мәселені анықтауды тапсырамын», - деді облыстық ІІД-нің басшысы Махамбет Абдисатов.

Департамент басшысы журналистердің мал ұрлығына қатысты қанша арыз түскенін және қаншасы табылғаны туралы сұраққа жауап бере алмады.

Сіздің реакцияңыз
7
2
1
3
1
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel