RU
Сапарбаев: Ауылдағы көпбалалы аналар мен мүгедек кәсіпкерлерге микрокредит беріледі
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев: Ауылдағы көпбалалы аналар мен мүгедек кәсіпкерлерге микрокредит беріледі

Рассказать Вконтакте

Астанада көпбалалы аналармен кездескен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін ауылда тұратын көпбалалы отбасыларға және жастарға мемлекеттік гранттар берілетінін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сапарбаев: Ауылдағы көпбалалы аналар мен мүгедек кәсіпкерлерге микрокредит беріледі

Бердібек Сапарбаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Сапарбаевтың айтуынша, 505 мың теңгеге дейінгі грант ел бойынша 10 мың адамға дейін берілуі мүмкін.

Сонымен бірге, министр ауылдағы көпбалалы аналар мен мүгедектер қатарындағы кәсіпкерлерге жеңілдікті микрокредит беру мүмкіндігін хабарлады.

"Өз ісін ашу үшін 500 мың теңгеден 6,5 млн теңгеге дейін мұндай микрокредит шамамен 5 мың адамға берілуі мүмкін", - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, көпбалалы аналар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар үшін үйінде әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқыту керектігін айтты.

Бердібек Сапарбаев баспана мәселесіне де тоқталып өтті.

"Ірі компаниялар мен кәсіпкерлердің көмегімен пәтер беру қарастырылып жатыр. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін беру, көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үйге алғашқы жарнаны субсидиялау, көпбалалы аз қамтылған отбасылар үшін басымды түрде жалға тұрғын үй беру жағын қарастырып жатырмыз", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
5
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel