RU
Оралда дүкеннен телефон ұрлаған жігіт сатушыны өлтіріп қоя жаздады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда дүкеннен телефон ұрлаған жігіт сатушыны өлтіріп қоя жаздады

Рассказать Вконтакте

Орал қаласындағы дүкендердің бірінен телефон ұрлаған қаскөй сатушының қолқасына пышақ сұққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік көпсалалы аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралда дүкеннен телефон ұрлаған жігіт сатушыны өлтіріп қоя жаздады

Көрнекі фото: ru.sputnik.kg

Қарақшының қылмысқа барған әрекеті бейне бақылауға түсіп қалған. Ұялы байланыс дүкеніне телефон сатып алатын адамның кейіпінде келген ұры сөредегі заттарды жарты сағаттан аса қарап жүріпті.

Ал сатушы артқа бұрыла бергенде қаскүнем кәсіпкердің беліне бірнеше рет пышақ сұғып алған. Дүкен иелерінің айтуынша, ұры телефонды алып, қашып кетіпті.

31 жастағы жігіт шұғыл түрде Орал қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.

Ақ халаттылар кәсіпкерді өлімнен арашалап қалу үшін 4 сағаттай ота жасаған.

«Пациенттің қолқасы зақымданып, көп қан жоғалтқан. Науқасқа ота жасалды. Жағдайы өте ауыр. Отадан соң хирургия бөліміне ауыстырылды. Өзі дем ала алады", - деді аталған аурухана директорының орынбасары Бақтияр Ташкенбаев.

Ал қалалық Полиция басқармасы күдіктінің бұған дейін де дәл осындай қарақшылық әрекеттері үшін үш рет сотталғанын алға тартты.

Уақытша тергеу изоляторына қамалған қарақшының үстінен Қылмыстық кодекстің 192-бабы, 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel