RU

БАҚ: Тоқаев шетелге алғашқы сапарын Ресейден бастамақ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей еліне шақырған. Бұл туралы ресейлік көшбасшы Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады деп жазады "Московский комсомолец"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: newsasia.kz
Фото: newsasia.kz: Depositphotos

Ушаковтың мәліметінше, Тоқаев Ресейге үшінші сәуірде ат басын бұрады. Ал бұл Қазақстан көшбасшысының шетелге алғашқы сапары болмақ.

"Біз жаңа президентті бірден шақырдық", - деп атап өтті Ушаков.

Оның сөзінше, қазіргі таңда сапардың егжей-тегжейі талқылануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785533-bak-tokaev-setelge-algasky-saparyn-resejden-bastamak.html