RU
"Экипаж мүшелері қаза тапты": Тоқаев марқұмдардың жақындарына көңіл айтты

"Экипаж мүшелері қаза тапты": Тоқаев марқұмдардың жақындарына көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы тікұшақ апатына қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы экипаж мүшелерінің қаза болғанын хабарлап, олардың жақындарына көңіл айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қасым-Жомарт Тоқаевтың twitter парақшасынан алынды

Фото: Қасым-Жомарт Тоқаевтың twitter парақшасынан алынды

Қызылорда облысында әскери тікұшақ құлады: Қаза болғандар бар>>>

Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатына қатысты видео үндеу жариялады>>>

Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты: Үш адамның денесі табылды>>>

Бұл туралы ақпаратты Қазақстан көшбасшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында хабардар еткен.

"Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады. Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі", - деп жазды президент.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel