RU
Күл-қоқыс пен саз батпақ: Елордалық ару ЭКСПО аумағын видеоға түсіріп алды
Жаңалықтар Қоғам

Күл-қоқыс пен саз батпақ: Елордалық ару ЭКСПО аумағын видеоға түсіріп алды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда ЭКСПО аумағы маңындағы күл-қоқыс пен тобықтан келетін саз батпақ қала тұрғынын шошытты. Желіге аталмыш аймақтың видеосын жүктеген бойжеткен қалашық маңы адам сенгісіз жағдайда екенін айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Cкриншот кадрдан алынды

Cкриншот кадрдан алынды

"Бүгін ЭКСПО аумағындамын. Бұл жақта не болып жатқанын өз көздеріңізбен көрсеңіздер екен деймін. Барлық жер батпақ, күл-қоқыс. Ешкім көлігін қоймайтын паркингке ұқсайды. Камера шыны керек, қалашықтағы күл-қоқыстың бәрін түсіре алмайды, шынтуайтында, жағдай мына видеодағы көріністен де мүшкіл", - дейді видео авторы.

Желі қолданушыларының аталмыш бейнежазбаға қатысты пікірлері қақ жарылды.

Олардың бірі "Жалған ақпарат, ЭКСПО маңы айнадай таза" деп жазса, енді бірі "Ұят", "Қала әкімдігі қайда қарап отыр" деген пікірлерді жаудырған.

Сіздің реакцияңыз
12
3
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel