RU

Петропавлда екі бала иіс газынан уланып қалды

27 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысында екі ағайынды бала иіс газынан уланып қалды. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді деп хабарлайды аудандық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған "Петропавловск News"

Петропавлда екі бала иіс газынан уланып қалды
Көрнекі фото: pkzsk.info: Twitter

Ведомствада хабарлағандай, балалар пеш жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан зардап шеккен. Мұржаның қақпағы жабық болған.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың бірінің жағдайы ауыр, ал екіншісі орташа халде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттілігі туралы еске салып, пештер мен электр жылытқыштарға тексеру жүргізуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785557-petropavlda-eki-bala-iis-gazynan-ulanyp-kaldy.html