RU
Назарбаев Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

ааааа

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель. Фото: Ақорда/архив

Әңгімелесу барысында Германия канцлері Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімін зор құрметпен қабыл алғанын атап өтті.

Ангела Меркель тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, халықаралық аренадағы беделі, әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі Елбасының есімімен тікелей байланысты екенін айтты.

Германия көшбасшысы достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қалыптасуына және нығая түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалады.

Ангела Меркель Қазақстанның Тұңғыш президентіне зор денсаулық, сондай-ақ, халықтың игілігі жолындағы алдағы қызметіне табыс тіледі.

Тараптар тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel