Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Керменбаев өнердегі жұбы Салтанат Бақаеваны кімнен қызғанып жүр?

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев "Арнау" тобындағы әріптесі Салтанат Бақаеваны қызғанатынын жасырмай айтып берді деп жазады "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева. Фото: Клиптен кадр, әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева. Фото: Клиптен кадр, әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бағдарлама жүргізушісі Айнұр Асанберді әншіге: "Сарамен клип түсіргеннен кейін сіздің өнердегі екінші жұбыңыз Салтанат ханымның қызғанып қалғанын естідік", - деп сауал жолдаған.

Ал әнші бұл жайында естімегенін және өзінің де Салтанатты қызғанған сәті болғанын еске алды.

"Солай ма? Өзім ол туралы естімеппін. Мүмкін шығар енді. Біз енді әріптес ретінде, "Арнау" тобы болып келе жатқанымызға біраз уақыт болды.

Сондықтан тек қана Сарамен емес шығар. Жалпы қыздармен айтқанда сөйтіп қызғанатын шығар.

Қызғану да дұрыс болар, бәлкім. Өйткені, біз бір ұжымбыз ғой. Ондай қызғаныштар орынды деп ойлаймын.

Мен де қызғанар едім. Бір жобада мен Айдана Меденовамен, Салтанат Қуандық Рахыммен айтты. Сол кезде мен де көрдім. Іштей білдіртпейсің ғой.

Мен Салтанатты жарым сияқты қызғанған жоқпын. Бір өнердегі ұжымдасым ретінде қызғаныш болды. Салтанатта да сол дүние болған шығар", - деп ағынан жарылды Нұржан Керменбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Нұржан Керменбаев Астанадағы бес қыздың өлімінен соң той жасаудан бас тартқанын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785575-nrzan-kermenbaev-nerdegi-zby-saltanat-bakaevany-kimnen-kyzganyp-zr/

pixel