Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысындағы әуе апаты: Ми-8 тікұшағы туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Ақтаудан Шымкентке қарай ұшып шыққан МИ-8 әскери тікұшағы 27 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлады. Апат кезінде әуе көлігі бортында 13 адам болған. Апатқа ұшыраған МИ-8 әскери тікұшағы туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ми-8. Фото: lada.kz
Ми-8. Фото: lada.kz: Instagram

Тағы оқыңыздар:

Қызылорда облысында әскери тікұшақ құлады: Қаза болғандар бар>>>

Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатына қатысты видео үндеу жариялады>>>

Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты: Қаза тапқандардың аты-жөні анықталды>>>

lada.kz аймақтық порталының жазуынша, әскери көлік Ақтау гарнизонының №30153 авиациялық бөлімшесіне тиесілі болған.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан екен.

Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Фото: mod.gov.kz
Фото: mod.gov.kz: Twitter

Ми-8 тікұшағы 1960 жылы кеңес үкіметі кезінде құрастырылған. Әуе көлігінің бұл моделінің саны 12 мың болып табылады.

Қазақстан қарулы күштерінің сайтындағы мәлімет бойынша, Ми-8 әскери тікұшақ десанттарды, әскери санитарларды тасамалдау міндеттерін орындайды.

Сондай-ақ, әуе көлігіне 4 тонна жүк артуға болатыны айтылған. Тікұшаққа 32 адам сыйып кетеді.

Тікұшақтың ұшу ұзақтығы 1200 км, әуеге көтерілудің ең жоғарғы биіктігі 4500 м, жылдамдығы 230 км/сағатты құрайды.

Фото: mod.gov.kz
Фото: mod.gov.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785581-kyzylorda-oblysyndagy-ue-apaty-mi-8-tiksagy-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel