RU
"Қаламқас" кен орнындағы өрт ақыры сөндірілді (видео)

"Қаламқас" кен орнындағы өрт ақыры сөндірілді (видео)

Рассказать Вконтакте

"Қаламқас" кен орнындағы өрттің ошағы сөндірілді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Бұл туралы Қазақстанның энергетика министрлігі айтты.

"28 наурызда 01:05-те "Қаламқас" кен орнында №8237 ұңғыма жанындағы грифоннан шыққан өрт сөндірілді", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта газ-су қоспасы атқылап тұрған жоқ және грифондар жабылды.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысының "Қаламқас" кен орнында 25 наурыз күні таңғы жетіде басталған өртті сөндіру мүмкін болмай тұрғаны хабарланған.

Осыған байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өрт мәселесін жеке бақылауында ұстап, қадағалайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel