RU
Пері қыздарға ессіз ғашық болған қария адам сенгісіз оқиғасымен бөлісті

Пері қыздарға ессіз ғашық болған қария адам сенгісіз оқиғасымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Өткен өмірін еске алған қария жас кезінде перінің қыздарына есі кетіп, ғашық болғанын айтты. Он алты жасында мінсіз мүсінді екі бойжеткенді кезіктірген ол қалған ғұмырын тек соларды аңсаумен өткізгенін айтады деп жазады "Алаш айнасына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: playcast.ru

Фото: playcast.ru

Қарияның көрші ауылға баруы оның өмірін түбегейлі өзгертіп жіберген. Көктемнің шуақты күндерінің бірінде жол-жөнекей ол екі хас сұлуға тап болады.

Бар назары бойжеткендерге ауған азамат олардың артынан еріп, өзінің қандай мақсатпен жолға шыққанын да ұмытып қалған.

"Кең тыныстап, асықпай келе жатқанымда құлағыма әлдекімнің күлкісі келді. Елсіз жерде жүрген кім болғанын білу үшін айналама қарай бастадым. Сосын тобылғының астынан маған қол бұлғап тұрған екі қызды көзім шалып қалды. Олардың сұлулығана айтар мінім болмады. Өте әдемі" , - деп бастады ол әңгімесін.

Екі ару соңынан жүре берген жас жігітті өздері тұратын мекенге ертіп әкелген. Шеткі үйге ұрлана кірген олар азаматты сандыққа тығып, ертесіне ауылдың шетіне апарған.

Күні бойы бойжеткендермен ойнаған ол кешкісін сандыққа тығылуды өзі де әдет қылған.

Алайда күндердің күнінде бұл үштіктің құпиясы әшкере болып, ауыл тұрғындары бұған қатысты өзара құрылтай жасайды.

"Үй адамға лық толып, мен үшін түсініксіз бір тілде айқайласып, екі қыз ботадай боздап жатты. Бір уақытта бәрі тынышталып қалды. Есіктен ақсақал кіріп келіп, мені тергей бастады.

Ол маған өздерінің пері екенін айтып, оларға мен сияқты адаммен араласуына қатаң түрде тыйым салынғанын түсіндірді.

Оған қоса, ол енді өздері мекен еткен жерде тұрақтай алмайтынын айтып, таңға жуық басқа жаққа көшіп кететіндерін жеткізді" , - деді азамат.

Алайда ақсақалдың айтқаны жас жігіттің көңілінен шықпай, ол екі қыздан айырылғысы келмейтінін алға тартқан.

Кеңес мүшелері оған таңға дейін ұйықтап қалмаған жағдайда, екі қызды өзімен бірге алып қалуға болатынын айтқан.

"Сол түні қаншама ұйықтамауға тырысып бақсам да, екі қыз сергітпек болып мені кезек-кезек қытықтаса да, таң қылаң бергенде ұйқы-дұшпан қатты қысып, көзім бір ғана сәтке ілініп кетіпті. Көзімді ашқанымда, үстімдегі үй де, қасымдағы екі қыз да зым-зия жоқ болыпты. Басымды тауға да, тасқа да ұрып, ғайып болған екі қыздың орнын сипап мен қалдым. Ал содан соң қалған ғұмырым тек сол перінің қыздарын аңсауменен өткені имандай шындық" , - деді ол.

Айта кетерлігі, перілердің қасында бар-жағы төрт күн болған жігіт үйіне қайтып келгенінде, өзінің бір айдай уақытқа жоғалып кеткенін білген.

Сіздің реакцияңыз
2
12
6
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel