Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенбеймін": Апатқа ұшыраған тікұшақ ішінде Алпамыс Шәрімовтің досы болған (фото)

Опубликовано:

Қызылорда облысында апатқа ұшыраған тікұшақ ішінде қаза тапқан 13 адамның бірі Алпамыс Шәрімовтің бала кездегі досы болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында продюсер, ұйымдастырушы өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

"Бүгін құлаған тікұшақта менің ауылдасым, көрші ағам, бір үйде бір нанды бөлісіп жеп өскен бауырым капитан Сырым Масалим болыпты. Жүрегім езіліп отыр", - деп жазды Алпамыс Шәрімов.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

Сондай-ақ, әуе кемесі ішінде болған азаматтардың аты-жөні анықталды.

Ал бүгін таңерте, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785596-senbejmin-apatka-syragan-tiksak-isinde-alpamys-srimovti-dosy-bolgan-foto/

pixel