Нөмірі 001QR: Назарбаев пен Тоқаев қандай көлік мініп жүреді? (фото)
Опубликовано:
Өткен демалыс күндері Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірге Наурыз мейрамын атап өту барысында елордадағы этно ауылға барған еді. Бұл кезде Елбасы мен президенттің көліктері де көзге түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік іс-шараға қара түсті Maybach маркалы көлікпен келді.
Айта кетейік, бұрынғы 01KZ мемлекеттік нөмірі жаңа 001QR болып ауысыпты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Mercedes-Maybach көлігімен келген.
Оның темір тұлпарында 001kz мемлекеттік нөмірі тіркеліпті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785604-nmiri-001qr-nazarbaev-pen-tokaev-kandaj-klik-minip-zredi-foto/