RU
Күйеуінің өзіне қалай ғашық болғанын айтқан Жазира Байырбекова елді сүйсінтті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Күйеуінің өзіне қалай ғашық болғанын айтқан Жазира Байырбекова елді сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Жазира Байырбекова күйеуімен қалай танысқаны жайлы естелігімен бөлісті. 16 жасында Жанболатпен махаббат тарихының қалай басталғанын баяндаған әнші көпшілікті сүйсінтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол өзінен бес жас үлкен Жанболаттың ғашық екенін білмеген.

"1994 жыл еді. 1 курс студентімін. Жасым 16-да. Жатақxанада тұрамыз. Біздің бөлмеге бір жігіт қайта-қайта есік қағып келіп, "тұра тұрсыншы" деп кілтін беріп кетеді. 10-15 минуттан кейін қайта алып кетеді.

Әйтеуір сылтау тауып келе берді. Мен "осы жігіт біреуіңе ғашық" деп күліп қоям. Бөлмеге менен жасы үлкен қыздардың дос жігіттері қонаққа келіп отыр еді.

Әлгі жігіт есікті қағып мені шақырып, "сен кішкентай қызсың, саған жігіттер бар жерде отыруға болмайды. Мен далаға шығып серуендеуге бара жатырмын. Одан да қонақтар кеткенше таза ауада жүр" деп (менен 5 жас үлкендігін білдіртіп) далаға серуендеп келдік", - дейді Жазира Байырбекова.

Сондай-ақ, Жанболат Ербатыров Жазира мінетін автобусқа мініп, аялдамада күтіп жүретін болған.

"Тағы бір күні сабақтан шығып аялдамада тұрсам, әлгі жігіт те аялдамада бола қалады. Күнде солай.

Бір күні автобус ішінде жаныма келіп тұрып, Абай даңғылында орналасқан Неке сарайының алдынан өтіп бара жатып "екеуміз кейін осында келеміз" деді.

Оның маған сөз айтқанының басы солай болды. Мен сонда ғана түсініппін ғой оның маған ғашық екенін. Сол жігіттің жанында жүргеніме ... жыл болыпты. Есімі - Жанболат", - деп жазды Жазира Байырбекова Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Жазира мен Жанболаттың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
2
26
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel